Ресей Федерациясымен шекарадағы жағдай

Ресей Федерациясымен шекарадағы жағдай

▫Бұқаралық ақпарат құралдарында, Ақтөбе облысындағы «Жайсан» өткізу пунктінің алдында Ресей Федерациясы бағытындағы жүк автокөліктерінен көп шақырымдық кезек пайда болды деген ақпарат жарияланды.

▫Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті қазіргі уақытта «Жайсан» өткізу пунктінде жүк автокөліктерінің кептелісі байқалмайтынын, өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлады.

▫Күні бойы Ресей Федерациясына шекарадан өтуді күткен жүк автокөліктерінің саны 50-ден аспады.
Тәулігіне орта есеппен «Жайсан» өткізу пункті арқылы 1,6 мыңнан астам жүк және жеңіл автокөліктер өтеді.

▫Шекараның қазақстандық жағында «Жайсан» өткізу пунктінде әр бағытта 4 жол белдеуі, Ресей жағында «Сагарчин» өткізу пунктінде 1 жол белдеуі жұмыс істейтінін атап өту қажет.

▫Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жұмыс штаттық режимде жүргізіледі, өткізу пунктінде барлық құжаттарды тіркеу терезелерінің жұмысы қамтамасыз етіледі, 4 қызметкер тұрақты негізінде жұмыс атқарады, өткізу пункті шегінде жүргізушілер мен автокөліктердің кептелісі жоқ.