Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VIII ҚРЗ Заңымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнесті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 418-бабына кеден саласындағы уәкілетті органға көшпелі кедендік тексеру актісінің нысанын бекіту жөніндегі құзыретті беру бөлігінде толықтыру енгізілді.
Осы норманы іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Көшпелі кедендік тексеру актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 436 бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) бекітілген көшпелі кедендік тексеру актісінің нысанын әзірледі.
Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 шілдеде № 34728 болып мемлекеттік тіркеуден өтті және 2024 жылғы 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.
Бұйрықта осындай тексерудің нәтижелерін белгіленген нысан бойынша құжаттауға бағытталған көшпелі кедендік тексеру актісінің бірыңғай нысанын енгізу көзделеді, бұл көшпелі кедендік тексерулердің құжаттарын жүйелеуге мүмкіндік береді.