Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден қызметтері Біріккен алқасының 47-шы отырысы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден қызметтері Біріккен алқасының 47-шы отырысы

      Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев а.ж. 27 қыркүйекте Нижний Новгород қаласында өткен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден қызметтері Біріккен алқасының 47-шы отырысына қатысты.

       Кездесу барысында кеден қызметтерінің басшылары ЕАЭО кеңістігіндегі кедендік ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту, тауарларды жіктеу, сондай-ақ кедендік бақылаудың практикалық аспектілерін талқылады.

       Кездесу барысында Қазақстан тарапынан ЕАЭО кеңістігіндегі кедендік әкімшілендіруді әлемдік озық тәжірибеге, соның ішінде Дүниежүзілік кеденнің заманауи әзірлемелеріне сүйене отырып жетілдіру қажеттігін атап өтті.

      Кедендік транзит, ақпараттық өзара іс-қимыл және жеке тұлғалардың тауарларды декларациялау саласындағы кеден органдарының практикалық жұмысы бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.

     Келесі кеден қызметтері Біріккен алқасының IV отырысы ағымдағы жылы Қазақстанда өтеді.