Тәуелсіз Мемлекеттері Достастығының Кеден қызметтері басшылары кеңесінің 79-отырысы

Тәуелсіз Мемлекеттері Достастығының Кеден қызметтері басшылары кеңесінің 79-отырысы

        2024 жылғы 27 қыркүйекте Нижний Новгород қаласында (Ресей Федерациясы) Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ж.Дүйсембиевтің қатысуымен ТМД Кеден қызметтері басшылары кеңесінің 79-отырысы өтті.

       Отырыс барысында жүк транзиті саласындағы кедендік операцияларды жетілдіру бойынша бірқатар мәселелер талқыланып, ТМД кеңістігінде «біртексіз» деп аталатын транзитті қамтамасыз етудің нақты жолдары белгіленді. Тараптар сауда жолдарын одан әрі дамытуға және шекаралардағы әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.

       Сонымен қатар, кездесу барысында бірқатар халықаралық келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды:

  • ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден органдарының көліктік және коммерциялық құжаттарға кеден органдарының мөрлері мен мөртабандарын қою тәртібі туралы келісім;
  • ТМД кеден қызметтері үшін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары және қосымша кәсіптік бағдарламалар бойынша кадрлар даярлау туралы келісім;
  • ТМД кеден органдары арасындағы транзиттік тасымалдауды жеңілдету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.

      Қол қойылған халықаралық құжаттар кеден ісін дамытуға және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің кеден әкімшіліктері арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған.