2024 жылғы 11 - 13 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы, Ірі салық төлеушулер депертаментінің резидент еместерге салық салу д басқармасымен бірлесіп, ОӘО базасында Polycom бейнеконференц байланысы арқылы «Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатқа қойылатын талаптар» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің құзіретін, біліктілігін және кәсіби даярлығын арттыру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегінде сағат 10.00 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ арқылы дәріс оқылды.
Іс-шарада ОӘО Біліктіліктілігін арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы Нурлан Сатымович Утебаев модератор жұмысын атқарды.
Дәріскер ретінде – ҚР ҚМ МКК Бейрезиденттерге салық салу басқармасының бас сарапшысы Маржан Сагыновна Исатаева қатысты.
Қатысушылыр салық заңнамасындағы негізгі өзгерістермен таныстырылып, дәріскер мен тындаушылар арасында сұрақ-жауаппен диалог өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша 62 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.