ЭШФ АЖ-нің тестілеу серверінде ТІЖ бланкісін өзгерту жайлы

ЭШФ АЖ-нің тестілеу серверінде ТІЖ бланкісін өзгерту жайлы

     Құрметті есеп жүйелерін әзірлеушілер және салық төлеушілер!

     ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қазір Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу ережелері мен олардың құжат айналымына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Осыған байланысты «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің сынақ серверінде (https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443) ТІЖ бланкісі келесідей өзгертілді:

  1. G-G10 бөлімдеріне «Таза салмақ» жаңа жолағының қосылуы. Таза салмақ ЕАЭО шеңберінде тауарларды әкеліп/әкету кезінде толтыру үшін міндетті болып саналады және ол килограммен көрсетіледі.
  2. К бөліміндегі «Автомобиль көлігімен тасымалданатын жүк туралы деректер» бойынша өзгерістер. Бөлім Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің №546 «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында қарастырылған талаптарға сай келтірілген.

      Өзгертілген функционалмен танысып, қажет болған жағдайда мұны жеке есеп жүйелеріңізде ескерулеріңізді сұраймыз. ЭШФ АЖ-нің веб-порталында ТІЖ  бланкісін биыл желтоқсан айында өзгерту жоспарланған.

     Әзірлеуші арналған жинақты (SDK ТІЖ бланкі бойынша жаңартулармен) МКК сайтынан (https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-elektronnye-scheta-faktury-1) жүктеп алуға болады. 

     Ал пайдаланушыларға арналған нұсқаулықпен https://kgd.gov.kz/ru/content/rukovodstvo-polzovatelya-1 сілтеме арқылы танысуға болады.

     ТІЖ  бланкілеріндегі өзгерістерге қатысты басқа да сұрақтар бойынша esfsd@kgd.minfin.gov.kz электронды поштасына немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөміріне хабарласып, қажетті жауапты ала аласыздар.