
Зерттеу Дүниежүзілік сауда ұйымының «Сауданы жеңілдету туралы» келісімінің 7-бабының 6.1-тармағында қарастырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бірлескен бұйрығымен , Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеттері мен агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясының бұйрығымен қарастырылған.
Автокөлік өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақыты көлік құралдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінен шекаралық және кедендік бақылау аймағына кірген кезден бастап, деректер негізінде тауарларды тиісті кедендік рәсімде шығарғанға дейін уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сүйеніп есептеледі.
Бұл ретте тауарларды шығарудың орташа уақытына мемлекеттік бақылаудан (шекаралық, кедендік, көліктік, ветеринариялық, фитосанитарлық, санитарлық-карантиндік, ауылшаруашылық бақылау) және кедендік тауарлық декларациядан өтуге кеткен уақыт кіреді.
2024 жылғы тамыз айында «Нұр жолы» (Жетісу облысы), «Б. Қонысбаева» (Түркістан облысы), Бақты» (Абай ауданы), «Алакөл» (Жетісу облысы), «Қалжат» (Алматы облысы), «Майқапшағай» (ШҚО), «Тәжен» және «Темір баба» (Маңғыстау облысы) бақылау-өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақытын анықтау бойынша іс-шара өткізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша өткізу пункттерінде жүктерді шығарудың орташа уақыты құрады: «Нұр жолы» - 3 сағат 15 минут,
«Б. Қонысбаев» - 1 сағат 35 минут, «Алакөл» – 1 сағат 36 минут, «Бақты» – 2 сағат 31 минут, «Қалжат» –1 сағат 31 минут, «Майқапшағай» – 2 сағат 44 минут, «Тәжен» және «Темір баба» сәйкесінше 1 сағат 30 минут және 1 сағат 45 минут құрады.