
Астана, Қазақстан 2024 жылғы 05-06 қыркүйек аралығында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтері Бірлескен алқасының Тауарларды жіктеу жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – КҚБА бойынша жұмыс тобы) 49-шы отырысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр.
Бұл отырысқа Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы, Қырғызстан ЕАЭО-на мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің мамандары қатысты.
Жұмыс тобы отырысының негізгі мақсаты – тауарларды жіктеуге қатысты даулы мәселелерді талқылау және шешімдер мен түсініктемелерді қабылдау арқылы олар бойынша консенсус әзірлеу.
Отырысты МКК төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұлов құттықтау сөзімен ашты.
Қайрат Жұмағұлов өз сөзінде ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеу мәселесі кеден саласындағы негізгі мәселелердің бірі және тауарларды жіктеудегі проблемалық мәселелерді шешудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу осы саладағы мемлекеттік кірістер органдарының қызметінің тиімділігін бағалауды жақсарту болып табылатынын атап өтті.
Отырыс барысында тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу бойынша келесі мәселелері талқыланды: «пресстелген торлар», «гомеопатиялық препараттар», «шайыр түзілу ингибиторы», «жаңбырлатып суару жүйелері», «алюминий катушкалары», «құрылыста, тау-кен бизнесінде немесе өнеркәсіпте қолданылатын шиналар» жіктелуі қарастырылуда.
Іс-шара жұмыс тобының барлық қатысушыларымен белсенді диалогта, қызу пікірталастарда және ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша тауарларды жіктеуге қатысты Тараптарда туындаған даулы мәселелерді шешуге сындарлы, кешенді көзқараста өтуде.