
Ағымдағы жылғы 1-ші жартыжылдық ішіндегі мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 95,3%, оның ішінде республикалық бюджет 83,8% және жергілікті бюджет 120,7% орындалды.
Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 10,8% - ға (немесе 454,9 млрд. теңгеге) төмендеумен 3 770,0 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша 27,0%-ға (немесе 841,7 млрд. теңгеге) төмендеді. Жергілікті бюджет бойынша түсімдер 34,9% - ға (немесе 386,8 млрд.теңгеге) өсті.
Республикалық салықтар бөлігінде орындалмау КТС (25,8%-ға), 3-нші елдерден импортқа ҚҚС (22,8%-ға), ІТӨ-ге ҚҚС (18,8%-ға) және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС (15,1%-ға) бойынша байқалады.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда КТС (32,9%-ға) және ІТӨ-ге ҚҚС (22,6%-ға) бойынша түсімдер, 3-нші елдерден импортқа ҚҚС (7,2%-ға) төмендеді.
Түсімдердің төмендеуіне сыртқы және ішкі экономикалық факторлар әсер етті.
Жыл басынан бастап негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 1,7 есе, мырышқа 13,9%, алюминийге 11,4%, мысқа 11,0%, қорғасынға 9,0%, күміске 7,4% және т. б. бағалардың төмендеуі байқалады.
2020 жылғы қаңтар-маусымда үшінші елдермен тауар айналымы 9,1% - ға төмендеді (экспорт 10,0% - ға, импорт 6,6% - ға). Оның ішінде тауар айналымының 23,6% - ға ең көп төмендеуі ағымдағы жылғы мамырға келеді (экспорт төмендеуі 39,0% - ға, импорт өсуі 9,1% - ға).
Республика бойынша өткізу айналымы 5,8% - ға (42,9 трлн. теңгеден 40,4 трлн. теңгеге дейін), оның ішінде республикалық мониторингтің ірі салық төлеушілер бойынша - 25,8% - ға өсті.
Көрсетілген кезеңде бір салық төлеушіге онлайн БКМ орташа түсімі 34,7% - ға төмендеді (26,6 млн.теңгеден 17,4 млн. теңгеге дейін).
Коронавирустың таралуы ҚХР-дан көлік құралдары санының 23,7% - ға, оның ішінде автокөлік құралдарының 52,4%-ға төмендеуіне әкелді. Ағымдағы жылғы 1-ші жартыжылдық ішінде импорттың іс жүзіндегі көлемі 15,9% - ға төмендеді (958 мың тоннадан 710 мың тоннаға дейін).
Соның салдарынан ҚХР-дан тауарлар импортынан кедендік баждар мен салықтардың түсімі 10,9% - ға немесе 17,8 млрд. теңгеге азайды.
ЕАЭО елдерінен тауарларды импорттайтын автокөлік құралдарының саны 2,4% - ға төмендеді.
Есепті кезеңде ЕАЭО елдерінен бөлінген баждар 14,2%-ға (154 млрд.теңгеден 132 млрд. теңгеге дейін), оның ішінде ағымдағы жылғы мамыр-маусым айларында 24% - ға төмендеді.
Бақылау іс-шараларының тоқтатылуына байланысты толық түспеу 85 млрд. астам теңгеге бағаланады, оның ішінде:
- камералдық бақылау хабарламаларының орындалу мерзімі ұзартылды (26,1 мың хабарлама 71,1 млрд. теңгеге), толық түспеу сомасы – 3,5 млрд. теңге;
- орындалмаған міндеттемені орындау тәсілдері (шоттарға, кассаларға тыйым салу, мүлік тізімдемесі) мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары (337 млрд. теңгеге 370 мың борышкер) қолданылмайды, толық түспеу сомасы – 40 млрд. теңге;
- көшпелі тексерулер (1 643 тексеру), камералдық бақылау хабарламаларын қою, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы материалдарды қарау тоқтатылды, СЭҚҚ-ға әкімшілік жүктеме төмендетілді, оның ішінде азық-түлік тауарларын импорттаушылар бойынша (құны 6,3 млрд.теңгеге төмендетілді) 40 млрд. теңгеден астам.
Ағымдағы жылғы 1-ші жартыжылдықта жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар 117,9% орындалды, 191 млрд.теңгеге артық орындалды.
ЖБ-ға салық түсімдері 1 496,2 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,9%-ға (немесе 386,8 млрд.теңгеге) өсті.
Жергілікті салықтар бөлігінде артық орындау КТС (48,9%), ЖТС (24,9%) және әлеуметтік салық (15,3%) бойынша байқалады.
ЖБ жоспарының артық орындалуына КТС-ты жергілікті бюджеттерге беру және 2020 жылғы 1-тоқсанда орташа айлық жалақының 18,9%-ға өсуі әсер етті.