Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық елдеріндегі уәкілетті экономикалық операторлар бағдарламасын жетілдіру және орнықтылығы жөніндегі Ұлттық семинар

Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық  елдеріндегі уәкілетті экономикалық операторлар  бағдарламасын жетілдіру және орнықтылығы жөніндегі Ұлттық семинар

Астана, Қазақстан,  2024 жылғы 13-14 тамыз аралығында Азия Даму Банкінің (бұдан әрі-АДБ) қолдауымен ҚР ҚМ МКК төрағасының м.а. Елдос Саудабаевтың төрағалығымен ОАӨЭЫ-да УЭО бағдарламасын жетілдіру және орнықтылығы бойынша Ұлттық семинар өткізілді.

Аталған семинарға Корея Республикасының, Филиппин, Қытай Халық Республикасының кеден қызметтерінің, сондай-ақ Грузияның кіріс қызметінің өкілдері және АДБ УЭО бойынша сарапшылары қатысты.

Семинар барысында УЭО тізіліміне енгізу процестерін оңтайландыру, УЭО мәртебесін алуға үміткер компанияларды алдын ала оқыту, УЭО бағдарламасын өзара тану сияқты мәселелер талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша жоғарыда аталған кеден қызметтерінің өкілдері УЭО бағдарламасы халықаралық сауданы жеңілдетуге, жеткізу тізбектерінің қауіпсіздігін арттыруға және кеден органдары мен бизнес-қоғамдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін күшті құрал болып табылатынын атап өтілді.