
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Құрық» кеден бекетінде, халықаралық теңіз портында орналасқан, кедендік бақылау барысында кеден бекетінің қызметкерлері шекара нарядымен бірлесіп Ақтау – Баку бағытымен жүрген 1966 жылы туған Түркия азаматынан 14600 АҚШ доллары сомасында декларацияланбаған валюта табылды.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" ҚР кодексінің 150-бабына сәйкес декларант осы баптың 2-тармағының 3-бөлігінде көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісті емес орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік материал жасалды.