Жыл сайынғы декларацияны қалай тапсыруға болады: практикалық кеңестер

Жыл сайынғы декларацияны қалай тапсыруға болады:  практикалық кеңестер

       Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың жалақыны қоспағанда, салық төлеушілердің кірістерін көрсететін «жыл сайынғы» декларацияны ұсынуы болып табылады.

      Салық кодексінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер салық агенттері болып табылады, тиісінше өз қызметкерлерінің жалақысы бойынша ақпараттар ұсынады. Тиісінше, жалдамалы қызметкерлер жалақы туралы мәліметтерді көрсетуден босатылады.

      Өткен жылдары активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынған барлық басқа азаматтар жыл сайын жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырады (270.00-нысан).

      Есепті жыл бойынша мәліметтерді сенімді түрде жариялау қажет, атап айтқанда:

     - кірістер (ҚР – да төленген жалақыдан, зейнетақыдан, жәрдемақыдан, стипендиядан басқа);

     - шетелден мүлікті сатып алу / сату туралы мәліметтер (тараптардың ЖСН / БСН - мен сатып алу-сату шартын көтеру қажет);

    - басқа тұлғалар алдындағы дебиторлық және кредиторлық берешек туралы мәліметтер (шарт тараптарының ЖСН / БСН-мен қарыз шартын көтеру қажет) Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу жіберу қажет.

​     Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны «(270.00-нысан) жеке тұлғалар қағаз жеткізгіште немесе электрондық сервистері арқылы (cabinet.salyk.kz), ИС СОНО электрондық түрде ұсына алады. Бұдан басқа, қазіргі уақытта «электрондық үкімет» (egov.kz),  порталында, сондай-ақ ЕДБ мобильді қосымшалары E-Salyq Azamat, eGov mobile, HALYK, ЦентрКредитБанк, Kaspi.kz. (ЭЦҚ кілті қажет емес, СМС-пароль арқылы ұсынуға болады) іске асырылуда.

     Декларацияны толтырғаннан кейін салық төлеушілер декларацияға ЭЦҚ арқылы қол қоя алады.

     Бұл ретте мемлекеттік кірістер комитеті декларацияны уақтылы ұсынбау және әкімшілік жауаптылықты болдырмау мақсатында декларацияны ұсынуды соңғы күнге қалдырмауға кеңес береді.

     Декларацияны тапсыру мерзімін 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін екенін ескертеміз