"Nur Zholy Customs Service"ЖШС жаңа кеңсесінің тұсаукесері

"Nur Zholy Customs Service"ЖШС жаңа кеңсесінің тұсаукесері

       Астана, Қазақстан 14.08.24 ж. елордада Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай "Nur Zholy Customs Service" ЖШС (бұдан әрі – ЖШС) жаңа кеңсесінің ашылуы өтті.

    Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрлері Ержан Біржанов және Әсет Тұрысов, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев, Комитет төрағасының орынбасарлары Жәнібек Нұржанов, Сейілжан Ахметов, Ануар Сулейменов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

     ЖШС директоры Ерлан Хасенов жаңа кеңсенің тұсаукесерін өткізіп, Серіктестік қызметінің қорытындысын шығарды және ІТ өнімдерінің іске асырылған міндеттерін атап өтіп, таяу жылдарға арналған стратегиялық мақсаттарды белгіледі.

     Осылайша, ЖШС кедендік және шекаралық қызметтермен бірлесіп Нұр жолы кеден бекетінің өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыс жүргізді, транзитті жақсарту үшін қытайлық компаниялармен 4 Меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде, өткізу қабілеті тәулігіне 250-ден 1500 автокөлік құралына дейін ұлғайтылды, ЖСН бойынша әрбір УСҚ клиентіне ЭШФ жазып бере отырып, АҚЖ есепке алу процесі автоматтандырылды.

     Компанияның басты мақсаты салық төлеушілерге, соның ішінде сыртқы экономикалық қызмет субъектілеріне, және Мемлекеттік кірістер комитетінің, сондай-ақ Комитеттің салық және кедендік әкімшілендіру, цифрландыру және ақпараттық технологиялық инфрақұрылымы саласындағы қызметкерлеріне қолайлы жағдайлар жасау арқылы көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту болып табылады.

     Іс-шара соңында ЖШС үздік қызметкерлерін саланың дамуына қосқан үлесі үшін марапаттау рәсімі өтті.