
2024 жылғы 9 тамызда Астана қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚХР Бас кеден басқармасы өкілдерінің кедендік тәуекелдерді басқару саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Жұмыс кездесуі барысында ««ОА – Қытай» кедендік тәуекелдерді басқару саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум» жобасы, Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара маңындағы кеден бекеттеріне кіру мен шығуындағы қолжетімділік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдер бойынша өзара іс-қимыл, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу пункттеріндегі тәулік бойы жұмыс істеу режимдері бойынша пилоттық жобалар бойынша мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар қаралған құжаттардың соңғы жобаларын қалыптастыру бойынша әрі қарай жұмыс істеуге және олар бойынша диалогты жалғастыруға, сондай-ақ бірлескен күш-жігерді жұмсай отырып, кеден ісі саласындағы ынтымақтастық мәселелерінде одан да үлкен нәтижелерге қол жеткізуге келісті.
Тараптар өзекті мәселелерді нәтижелі және сындарлы талқылағаны үшін ризашылықтарын білдіріп, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.