
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 746-бабының 1-тармағына "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" "Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі №105-VIII өзгерістер енгізілді, онда экономиканың тау-кен металлургия секторының жер қойнауын пайдаланушылары үшін өндірілген уранға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерін (ПҚӨС) 2 кезеңмен арттыруды көздейді.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өндірілген уран ПҚӨС мөлшері 6-дан 9 пайызға дейін артады, бұдан әрі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жылдық өндіру көлеміне және уранның орташа өлшенген бағасына байланысты уранға сараланған ставкалар енгізіледі.