Салық есептілігін тапсыруды ұмытпаңыз

Салық есептілігін тапсыруды ұмытпаңыз

      Айлық, тоқсандық, жартыжылдық салықтық есептілікті тапсыру мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеден 15 тамызға дейін жалғасуда. Мемлекеттік кірістер комитеті салық есебін тапсыруды кейінге қалдырмай, қазір жіберуге кеңес береді. Мына салық есептілігін 2024 жылдың 15 тамызынан кешіктірмей тапсыру керек.

    2024 жылғы маусым айы үшін:

    - 400.00 «Акциз бойынша декларация»

    - 421.00 «Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі»

     2024 жылғы 1 тоқсан үшін:

    - 101.03 «Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп»

     - 101.04 «Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп»

    - 200.00 «Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация»

    - 300.00 «Қосылған құн салығы бойынша декларация»

    - 570.00 «Экспортқа рента салығы бойынша декларация»

    - 590.00 «Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация»

    - 710.00 «Ойын бизнесі салығы бойынша декларация»

    - 860.00 «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация»

     - 870.00 «Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация»

     - 913.00 «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация»

     2024 жылғы 1 жартыжылдық үшін:

    - 910.00 «Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация»

      Мерзімнің соңғы күндерінде жүктеменің өсуін болдырмау үшін салық есептілігін алдын-ала тапсыруға кеңес береміз.