«Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 500 бұйрығына Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 500 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін қысқарту бөлігінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар нормативтік құқықтық актілерге («Құқықтық актілер туралы» Заң, «Ақпараттандыру туралы» Заң, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң), мемлекеттік қызметтерді көрсету тізіліміне, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процессінің сипаттамасына толықтыруға сәйкес келтірілді.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 31.07.2024 жылғы № 34849 болып мемлекеттік тіркеуден өтті.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.