Ағымдағы жылдың 1 тамызынан сағат 19.00 бастап «Акцизделетін өнімдердің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын бақылау» ақпараттық жүйесі

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан сағат 19.00 бастап «Акцизделетін өнімдердің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын бақылау» ақпараттық жүйесі

       Құрметті салықтөлеушілер!

       Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесін (CӘИЖ) әзірледі.

       Қазіргі уақытта кезең-кезеңімен функционалды, оның ішінде СӘИЖ жаңа салықтөлеуші ​​кабинетін іске қосу жүргізілуде.

      Ағымдағы жылдың 1 тамызынан сағат 19.00 бастап «Акцизделетін өнімдердің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын бақылау» ақпараттық жүйесі (Акциз АЖ) өшірілетінін хабарлаймыз.

       2024 жылғы 5 тамызынан бастап бұрын акциздік ақпарат жүйесіне ұсынылған акцизделетін өнімдер мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (алкоголь, темекі, мұнай өнімдері және биоотын) өндіру мен айналымы туралы декларацияларды ұсыну СӘИЖ-нің салықтөлеушінің кабинеті арқылы жүзеге асырылады.

       СӘИЖ жаңа салықтөлеуші кабинетінде тіркелу үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтемесі бойынша өту керек.

      СӘИЖ салықтөлеуші ​кабинетінде тіркелу және жұмыс істеу нұсқаулары біздің YouTube арнамызда орналастырылады.

     СӘИЖ салықтөлеушінің кабинетінде жұмыс істеу жөніндегі Пайдаланушы нұсқаулығы СӘИЖ салықтөлеуші кабинетінің Қолдау – Көмек – Анықтамалық ақпарат бөлімінде орналастырылған.

    Сұрақтарыңыз болған жағдайда, телеграмм чат https://t.me/axcise111 немесе 8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары арқылы хабарласа аласыз.