Салықтық ынталандыру, ең төменгі жаһандық салық және халықаралық салық салудағы соңғы өзгерістер

Салықтық ынталандыру, ең төменгі жаһандық салық және халықаралық салық салудағы соңғы өзгерістер

        2024 жылғы 29-31 шілде аралығында Азия даму банкінің (АДБ) қолдауымен Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының өкілдерінің қатысуымен "Салықтық ынталандыру, ең төменгі жаһандық салық және халықаралық салық салудағы соңғы өзгерістер" тақырыбында семинар өткізіледі.

       Семинар сессиясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов пен Қазақстандағы Азия даму банкі өкілдігінің директоры Утсав Қумардың құттықтау сөзімен басталды.

      Жәнібек Нұржанов қазіргі заманғы сын-қатерлермен тиімді күресу және барлығына әділ салық салуды қамтамасыз ету үшін BEPS мәселелері бойынша құзыретті кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

     Бұл семинарда тәуелсіз салық саясаты жөніндегі кеңесші, Азия даму банкінің BEPS жөніндегі мемлекеттік кеңесшісі, құқық профессоры Викрам Чандра дәріс оқиды.

     Семинардың өзектілігі басқа елдердің жаңа үрдістері мен тәжірибесіне, сондай-ақ жаһандық ең төменгі салықты, оның мөлшерлемелерін қолдануға, маңызды халықаралық нормативтік-құқықтық актілермен танысуға және оларға енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты.

     Семинарға қатысушылар ең төменгі халықаралық стандарттарды пайдалана отырып, агрессивті салықтық жоспарлауды қалай қысқартуға болатыны және семинарда нақты тәжірибе алу туралы білімдерін кеңейту арқылы халықаралық салық салу саласындағы әлеуетті дамытудағы проблемалық сұрақтарды талқылауға және оларға жауап табуға мүмкіндік алады.