
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 470 бұйрығымен «Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 167-бабының қабылданған редакциясына сәйкес келтіру, атап айтқанда, өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің иелерінің есептілікті ұсыну жөніндегі норманың қайталануын алып тастау мақсатында әзірленді.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 шілдеде № 34773 болып тіркелді.