INFO-дан фишингтік шабуыл

INFO-дан фишингтік шабуыл

       МКК келесіні хабарлайды, 2024 жылғы 23 шілдеде Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің электрондық поштасына info@e-salyq-azamat.kz мекен-жайынан фишингтік хат түсу фактісі тіркелді. Хатта "жалпыға бірдей міндетті декларациялау" тақырыбымен банктік шоттардың кірістерін, төлем қабілеттілігін және пайдалануларын декларациялау, сондай-ақ дербес коэффициенттерді беру жөніндегі заңнамадағы өзгерістер туралы баяндалған.
       Сонымен қатар, төменде көрсетілген сілтемелер арқылы өтіп сауалнаманы толтыру ұсынылады:https://e-salyq-azamat.kz/KNRKB;
http://10.61.240.95/in/KNRKB/.

     Сондай-ақ, хат қосымшасында парольмен бірге нұсқаулық файлы қоса жіберілген және оны Интернеттегі веб-сайттан жүктеуге болатындығы туралы ақпарат көрсетілген: Пароль - KZ@1rtce;
https://e-salyq-azamat.kz/KNRKB/file.ini.pdf.lnk.zip; http://10.61.240.95/in/KNRKB/file2.ini.pdf.lnk.zip.

      МКК "фишингтік" шабуылдың белгілерін анықтап, осыған байланысты барлық пайдаланушыларға осы хатты ашпауға, көрсетілген сілтемелер бойынша өтпеуге және кірістірілген файлдарды жүктемеуге кеңес береміз.

       Маңызды❗ Жалпыға бірдей декларациялау туралы сенімді ақпарат ресми сайтта орналастырылғандығын қосымша хабарлаймыз (https://kgd.gov.kz/ru/content/vseobshchee-deklarirovanie-1-2) немесе бірыңғай байланыс орталығының нөмірі бойынша 1414 (қосымша нөмірі 3) ақпарат алуға болады.