
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ««Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасын әзірледі.
Жоба:
1) «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Заң) 1-бабы 13) тармақшасына сәйкес;
2) қабылдануы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына негізделген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2024 жылғы 2 шілдедегі №95-ө Өкімімен бекітілген Құқықтық актілер тізбесінің 29-тармағын орындау үшін әзірленді.
Жобаның мақсаты борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізілетін Заңның 2- тарауына сәйкес келтіру болып табылады.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Бұл Бұйрық жоба нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15143609 2024 жылдың 19 шілдесінде орналастырылған.
Бұйрық жобаны жариялы талқылау мерзімі – 2024 жылдың 2 тамызына дейін.