ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының Абай және Жетісу облыстарындағы кеден бекеттеріне жұмыс сапары

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының Абай және Жетісу облыстарындағы кеден бекеттеріне жұмыс сапары

2024 жылғы 12-13 шілдеде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев «ҚР ҚМ МКК Ахуалдық орталығы (БДБ) және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру» жобасы бойынша құрылыс жұмыстарымен танысу және бақылау мақсатында Абай және Жетісу облыстарындағы «Бақты» және «Алакөл» өткізу пункттеріне жұмыс сапарымен барды.

 Жұмыс кеңесі барысында Жандос Жұмабайұлы жобаның бас мердігерімен және өткізу пунктін жаңғыртумен айналысатын қосалқы мердігер ұйыммен кездесті, өткізу пункті арқылы кедендік бақылауды қолдана отырып, тауарлар мен көлік құралдарының өтуінің технологиялық процесімен танысты. Сондай-ақ «Бақты» өткізу пунктіндегі «Azalia Trans» ЖШС және «Алакөл» өткізу пунктіндегі Достық транс терминал уақытша сақтау қоймасында болды.

Кездесу барысында жұмыс күштерін тарта отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынын жеделдету, жолаушылар ағынын қалпына келтіру үшін уақытша құрылыс салуға алаң дайындау, объектіге қосымша құрылыс материалдарын жеткізу және басқа да бағыттар бойынша мәселелер талқыланды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев құрылыстың барлық қатысушыларына бірқатар тапсырмалар берді, орындау мерзімдерімен нақты міндеттер қойды, оның ішінде жобаның бас мердігеріне және қосалқы мердігерлік ұйымға биылғы жылдың аяғына дейін құрылысты және жаңғыртуды аяқтау туралы айрықша нұсқаулар берді