
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 432 бұйрығымен «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізілді.
Түзетулер 2024 жылғы 6 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ашық типті кеден қоймасы аумағының (үй-жайының) бір бөлігін уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдаланған кезде жайластыруға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды айқындайды.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 шілдеде № 34736.