Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да мендетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 105-VIII Заңы және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасы кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын ұсыну бойынша (250.00-нысан) жеке санаттағы адамдар босату бөлігінде Салық кодексіне өзгерістер енгізілді.
Мәселен, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыстау міндетінен бейрезиденттер, ал 2024 жылдың 1 қантарынан бастап коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлер босатылды туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Кусаинова ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.
Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) болып табылатын барлық жеке тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00- нысан) (бұдан әрі – Декларация) ұсына бастады.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2024 жылғы 1 қаңтарға бейрезидент болып табылатын тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті емес.
Бұдан басқа, коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ акционерлер, егер олар бір мезгілде коммерциялық ұйымдардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер не олардың жұбайлары болып табылмаса, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынудан босатылады.
Естеріңізге сала кетейік, декларацияны қағаз жеткізгіште және электрондық түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), "Электрондық үкімет" порталы (egov.kz) және "E-Salyq Azamat", "eGov mobile" Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz. мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады.
Декларацияны тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша 2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыну қажет.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі