МКК "Хуавей Текнолоджиз Қазақстан" компаниясымен Меморандум жасасты

МКК "Хуавей Текнолоджиз Қазақстан" компаниясымен Меморандум жасасты

       2024 жылғы 11 шілдеде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев және "Хуавей Текнолоджиз Қазақстан" компаниясының бас директоры Чжао Сю салықтық әкімшілендірудің әртүрлі аспектілерін жақсарту және Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын дамыту жөнінде Меморандумға қол қойды.

      Меморандумды жасасу барысында тараптар салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және неғұрлым тиімді және ашық салық жүйесін құруға ықпал ететін цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады, бұл экономикалық дамуға және салық төлеушілермен өзара іс-қимылға оң әсер етеді.