Бір белдеу - бір жол

Бір белдеу - бір жол

        2024 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығының Өңірлік салық орталығы BRITACOM хатшылығы мен BRITACEG кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылған BRITA-ға мүше елдерді дамытуға арналған іс-шараға онлайн қатысқан.

      Іс - шараның мақсаты - BRITA-ны қалай дамыту және жетілдіру туралы тәжірибе мен идеялармен бөлісу, ағылшын, қытай, орыс,португал және араб тілді юрисдикциялардан салық органдарының қызметкерлерін оқытудың жақсы және мақсатты бағдарламаларын ұсыну үшін BRITACEG және BRITA-ның дамуын қалай ынталандыру туралы пікір алмасу.

      Іс-шарада Қытай мемлекеттік салық әкімшілігінің халықаралық салық салу департаментінің директоры Мэн Юйин ханым сөз сөйледі.

     BRITA-ға Янчжоу, Пекин, Астана, Макао және Эр-Рияд мүше елдердің орталықтары өз қызметі, өткізілген іс-шаралар, сондай-ақ болашаққа арналған жоспарлар туралы ақпаратпен бөлісті.

     BRITACEG шақырылған сарапшылары мен БҰҰДБ (OOH даму бағдарламасы), Қытайдың Мемлекеттік салық басқармасы, Алжирдің бас салық басқармасы, Америка аралық салық әкімшілігі орталығы, Азия даму банкінің өкілдері де өз тәжірибелерімен бөлісті.

     Бұл іс-шара қатысушыларға BRITAs-тың дамуына бірлесіп жәрдемдесу, оқу бағдарламаларын жаңғырту, BRITACEG оқытушыларының сарапшыларын тарту, BRITA веб-сайтын әзірлеу мақсатында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.