
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты тауарларға электрондық шот-фактуралар мен ілеспе жүкқұжаттарды жазып беру 2024 жылғы 6 шілдеде сағат 00:00-ден 2024 жылғы 7 шілдеге сағат 23:00-ге дейін уақытша қолжетімсіз болғанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды және олардың құжат айналымына ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығы) сәйкес "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйенің қолжетімсіздігі кезеңінде электронды шот-фактураларды жазып беру және тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мүмкіндігі болмайтыны туралы хабардар етеміз.
Қажет болған жағдайда салық төлеушілер "ЭШФ" АЖ енгізуге құқылы:
- 2024 жылғы 9 шілдеден бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;
- 2024 жылғы 9 шілдеден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.