Абыройлы еңбектен – құрметті зейнетке!

Абыройлы еңбектен – құрметті зейнетке!

        2024 жылғы 28 маусымда, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Ғания Әлімқызы Қалибекованы Техникалық инфрақұрылымды дамыту және қаржылық қамтамасыз ету департаменті Қаржылық қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасарын еңбек сіңірген зейнеткерлік демалысына шығарып салды.

      Комитет төрағасының орынбасары Слямов Бақытжан кәсіпқойлық және еңбек этикасы жылдарына алғысын білдіріп, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Құрмет грамотасын табыс етті.

     Ғания Әлімқызы, Мемлекеттік кірістер органдарындағы еңбек жолы 1991 жылдан Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының аға бухгалтері мамандығынан басталды. Өзін сауатты маман және өз ісінің профессионалы ретінде көрсетті.,

     Жоғары еңбек жетістіктері адал және мінсіз еңбегі үшін «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, «ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің алғыс хатымен, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының алғыс хаттарымен марапатталған.

    Комитет Сізге зор денсаулық, бақыт және амандық тілейді. Әр күніңіз тек жағымды эмоциялар мен қуаныш әкелсін!