2024 жылғы 28 маусымда, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымы Комитеттің Мамандандырылған департаментінің бас сарапшысы Рәсіма Қабірқызын зейнеткерлік демалысына шығарып салды.
Комитет төрағасының орынбасары Нұржанов Жәнібек кәсіпқойлық және еңбек этикасы жылдарына алғысын білдіріп, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Құрмет грамотасын табыс етті.
Рәсіма Қабірқызы салық органдарында 90-шы жылдардың басынан Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы бойынша Бас салық инспекциясының бас бухгалтері лауазымынан бастап жұмыс істеді.
Әр жылдары ол әртүрлі лауазымдарда болды. Ірі салық төлеушілер бөлімі бастығынан, жер қойнауын пайдаланушылар бөлімінің бастығы, Аймақаралық салық комитеті әкімшілендіру басқармасының басшысы және осы уақытқа дейін Мамандандырылған департаментінің бас сарапшысы лауазымдарын атқарды. Жұмыста жоғары жетістіктері үшін, адал және мінсіз еңбегі үшін бірнеше рет басшылық тарапынан құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
«Салық қызметінің үздігі» атағы, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» және «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 100 жыл» мерейтойлық медальдары бар. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Комитет Сізге зор денсаулық, бақыт және амандық тілейді. Әр күніңіз тек жағымды эмоциялар мен қуаныш әкелсін!