ҚР ҚМ МКК мен ҚХР Бас кеден басқармасы сарапшыларының екі елдің өзара сауда деректерін салыстыру мәселелері жөніндегі 17-ші жұмыс кездесуі

ҚР ҚМ МКК мен ҚХР Бас кеден басқармасы  сарапшыларының екі елдің өзара сауда деректерін салыстыру мәселелері жөніндегі 17-ші жұмыс кездесуі

        2024 жылғы 20-21 маусымда Астана қаласында екі елдің өзара сауда деректерін салыстыру мәселелері бойынша ҚР ҚМ МКК және ҚХР Бас кедендік басқармасы сарапшыларының 17-ші жұмыс кездесуі өтті.

       Жұмыс кездесуге Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры Мусин Мұратбек және Талдау және статистика департаменті директорының орынбасары Чжай Сяоюань бастаған ҚХР БКБ-нің өкілдері қатысты.

      Кездесу барысында 2023 жылғы ҚР-ҚХР өзара сауда деректерін салылыстыруды жүргізді. кедендік статистика деректерін қалыптастыру кезіндегі әдіснамалық қағидаттарды келісті, электрондық сауда тауарларының статистикасын қалыптастыру мәселелерін, «Қорғас» ХШЫО арқылы тауарларды өткізу тәжірибесін және ҚХР-дан электр автомобильдерін импорттау ережелерін талқылады.

      Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар қолда бар уағдаластықтар мен келісімдер шеңберінде жұмыс кездесулерін ұйымдастыруды жалғастыруға уағдаласты.және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.