Мемлекеттік кірістер органдарындағы ақпараттық қауіпсіздік

Мемлекеттік кірістер органдарындағы ақпараттық қауіпсіздік

       2024 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу – әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) мен Өзбекстан Республикасы Қаржы және экономика министрлігінің Кеден комитетінің Кеден институты (ӨР ЭҚМ КК КИ) арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде «Мемлекеттік кірістер органдарындағы ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбы бойынша онлайн-семинар өткізілді.

      Семинардың негізгі бағыты тыңдаушыларды ақпаратты қорғаудың негізгі тұжырымдамаларымен және практикалық аспектілерімен таныстыру болып табылады, бұл әсіресе қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің үнемі өсіп келе жатқан қатерлері жағдайында өзекті болып табылады.

     Келесі дәріскерлер қатысты:

     – Жунысов Берик Аскарович - ҚР ҚМ МКК Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы

    – Касымкулова Лаззат Турдакыновна - ҚР ҚМ МКК ОӘО басшысының орынбасары

     ӨР ЭҚМ КК КИ курсанттары және ҚР ҚМ МКК ОӘО қызметкерлері  тыңдаушы ретінде қатысты.

    Семинар барысында ақпаратты қорғаудың негізгі аспектілері, заманауи      ақпараттық жүйелердің қауіптілігі мен осалдығы, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдары қарастырылды. Қатысушылар өзекті сұрақтар қою арқылы белсенділік танытты.

    Семинар нәтижесінде тыңдаушылар деректерді қорғаудың маңыздылығын түсінуге және одан әрі кәсіби қызметте ақпараттық қауіпсіздік қағидаттарын іс жүзінде қолдануға көмектесетін құнды білім алды.