
2024 жылғы 19 – 21 маусым аралығында Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаментімен бірлесіп «Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен коммерциялық емес ұйымдарға салық салу» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен коммерциялық емес ұйымдарға салық салуды түсіндіру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін Polycom арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:
- Смаилова Кульпаш Пшенбаевна – ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаменті Салықтық әдіснама басқармасының басшысының м.а.;
- Клышева Гулнар Тулегеновна – ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаменті Салықтық әдіснама басқармасының бас сарапшысы.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қорытынды білімі өткізілді, 82 қатысушылар біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттарын алды.