
«Иеліктен шығаруға жатпайтын, мемлекеттік меншіктегі және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің меншігіндегі объектілердің, оның ішінде стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 927 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі О.А. Бектеновтің төрағалығымен өткен 2024 жылғы 4 мамырдағы Қаржы министрлігінің Ақпараттық жүйелерді таныстыру хаттамасының 2-тармағының 6) тармақшасын орындау үшін әзірленді.
Жобаның мақсаты Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін стратегиялық объектілерге жатқызу болып табылады.
Жоба 2024 жылғы 24 маусымда (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15098431) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Жоба жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 9 шілдеге дейін.