МКК мүлік салығы бойынша PUSH-хабарламалар жолданады

МКК мүлік салығы бойынша PUSH-хабарламалар жолданады

      Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 1 қазанында 2023 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.

     Салық органдары жеке тұлғалардың мүлiк салығын салық салу объектiлерiнiң құнына қарай "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының негізінде және меншік құқығында мүлікті иеленудің іс жүзіндегі мерзіміне қарай есептеледi.

     Есептелген салық сомасы туралы хабарламалар электрондық тәсілмен салық төлеушінің кабинетіне, Egov порталына, қағаз жеткізгіште - тапсырыс хатпен пошта, сондай-ақ ЕРЦ, АЛСЕКО және т. б. коммуналдық қызметтердің түбіртек-хабарламалары жолданады және салықтардың сомасы көрсетіледі.

     Бұдан басқа, қазіргі уақытта «Каспий банк» АҚ және «Қазақстан Халық банкі» АҚ мобильді қосымшаларының пайдаланушыларына 2023 жылға арналған мүлік салығының алдағы сомалары PUSH-хабарламалар түрінде жіберіледі.  

     Есептелген салық салық сомаларының дұрыстығын мобильді қосымшаларында

     «e-salyq Azamat» → «Электрондық сервистер» → «ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде;

     «Kaspi.kz» → «Төлемдер» → «Айыппұл, салық» → «Салық» → «Мүлік салығы» сервисінде;

     «Halyk» «Барлық төлемдер» → «Салықтар, айыппұлдар» → «Салықтар» → «Көлік, жер және мүлік салығы» сервисінде тексеруді ұсынамыз.