
Ержан Біржанов салық органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қорғауы жайлы тоқталды. Мәселен, теріс себептермен жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, салық органынан босатылған адамдар салық органында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде біліктілік емтиханын тапсырусыз «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының қызметін жүзеге асыруға құқылы.