Электрондық шот-фактуралар

Электрондық шот-фактуралар

        Салық органы тәуекелі жоғары электрондық шот-фактуралардың жазылуын болдырмау мақсатында жүргізетін электрондық шот-фактуралардың жазылуына бақылау енгізілді.

       Электрондық шот-фактуралардың жазылуын бақылау келесі нысанда жүргізіледі:

      1) ЭШФ жазылуын автоматтандырылған бақылау;

      2) ЭШФ жазылуын салыстырмалы бақылау (бұрын ЭШФ жазылуын тоқтата тұру).

     ЭШФ жазылуын автоматтандырылған бақылау салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін жүргізіледі. ЭШФ алынған ЭШФ, ішкі ҚҚС, импортқа ҚҚС, резидент емес үшін ҚҚС төлеуді ескере отырып, ҚҚС бойынша қолда бар артық төлем шегінде жазып беріледі.