Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу

Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу

        Ержан Біржанов салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу жайында:

       Салық берешегі қалыптасқан кезде барлық салық төлеушілер үшін ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеу. Базалық мөлшерлеменің 0,65 еселенген ставкасы көлденең мониторингке қатысушылар үшін.

      20 АЕК-ке дейінгі салық берешегі кезінде-салық берешегінің құрылғаны туралы хабарлама жолдау, басқа шаралар қолданылмайды.

     20-дан 45 АЕК-ке дейінгі салық берешегі кезінде - салық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберу, банк шоттары мен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, инкассалық өкім беру.

    45 АЕК-тен жоғары салық берешегі кезінде - мүліктің тізімдемесі мен өткізілуін, дебиторлар есебінен өндіріп алуды, шығуды шектеуді (сот санкциясы негізінде 3 ай ішінде өтелмеген жағдайда), банкроттықты қоса алғанда, барлық шаралар.

     Борышкердің банктік шоттары бойынша оның пайда болған күнінен бастап екі ай ішінде 2500 АЕК мөлшерінде салық берешегі болған кезде ақша қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну.