Салық есептілігінің нысандары

Салық есептілігінің нысандары

      Ержан Біржановтың айтуынша, салық есептілігінің нысандары 30% - ға қысқартылатын болады.

     Салық сомасы 1 млн. теңгеден кем болған кезде жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есептері жойылды. Тиісінше, осы салықтар бойынша ағымдағы төлемдердің төленуі де жойылды.

     КТС бойынша аванстық төлемдерді есептеу бойынша 1 тоқсанға есеп айырысу жойылды, салық органдары есептеуді дербес жүргізетін болады.

     Арнайы салық режимдері үшін есептіліктің жартыжылдық ұсынысы жойылды, 15 ақпанға дейін табыс ету мерзімі және 25 ақпанға дейін салық төленетін бір жылдық декларация енгізілді.

     Сондай-ақ, АСР-рі үшін декларацияны толтыру үшін қажетті салық құпиясын ашуға салық төлеушінің келісімі бойынша салық есептілігін алдын ала толтыру көзделеді.

     Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде кезекті салық есептілігін ұсынбауы тиісті салық кезеңі үшін нөлдік көрсеткіштермен ұсынылған салық есептілігіне теңестіріледі.

    Салық есептілігін ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жойылады.

    СЕН-нын ұсыну мерзімін ұзарту және салық есептілігін кері қайтарып алу жойылды, барлық өзгерістер қосымша декларация арқылы енгізілетін болады.