
Салық төлеушіге кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) беру қағидалары уәкілетті орган белгілеген критерийлерге сәйкес келетін (жұмыс өтілінің, негізгі құралдардың, қызметкерлердің және т.б. болуы) салық төлеушілерге мүлік кепілінсіз және банктік кепілдіксіз кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) алу мүмкіндігімен толықтырылды.
Көлденең мониторингке қатысушыға кейінге қалдыру (бөліп төлеу) мүлік кепілінсіз және банктік кепілдіксіз беріледі.
Өнім өндіруге арналған тауарлар (шикізат) бойынша импортқа ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру ұсынылатын болады.
Осындай қайта өңдеу кезінде алынған өнімді өндіруге арналған Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасының салық төлеушілерінің тізбелерін уәкілетті орган бекітеді.