Салықтық әкімшілендіру кезінде ескертулер мен хабарламалар қолданылатын болады

Салықтық әкімшілендіру кезінде ескертулер мен хабарламалар қолданылатын болады

       Е. Біржанов салықтық әкімшілендіру кезінде ескертулер мен хабарламалар қолданылатынын айтты. Мәселен, ескертулер жіберілетін болады:

     - 20 АЕК-ке дейінгі берешек пайда болған кезде;

     - салық төлеушімен өзара есеп айырысулар жасау туралы күмәнді ЭШФ жазған алушыға (сатып алушыға).

      Хабарлама екіге бөлінеді:

     - ақпараттық-профилактикалық сипаттағы хабарламалар;

     - міндетті сипаттағы хабарламалар.

      Орындау мерзімі он жұмыс күнін құрайтын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша нақты айналымның жасалғанын растау туралы хабарламаны қоспағанда, ақпараттық-профилактикалық сипаттағы хабарламаларды орындау мерзімі тапсырылған күннен кейінгі отыз жұмыс күнін құрайды.

      Міндетті сипаттағы хабарламаларды орындау мерзімі тапсырылған күннен кейінгі отыз жұмыс күнін құрайды.

     Орындалу мерзімі хабарламалар тапсырылған күннен кейінгі он жұмыс күнін құрайды:

     1) салық берешегін өтеу туралы;

    2) дебиторлық берешекті растау туралы;

    3) салық төлеушінің орналасқан (жоқ) жерін растау туралы.