Салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемелерін орындау құқығы

Салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемелерін орындау құқығы

       Салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемелерін орындауға жағдайлар жасау үшін салық органдарына:

      - жаңадан тіркелген салық төлеушілерді салық міндеттемелерін орындау тәртібіне, оның ішінде салық міндеттемелерін орындау үшін көзделген ақпараттандыру объектілерін пайдалана отырып оқытуға;

     - салық органдарының сервистік топтарының жекелеген жеке тұлғалардың декларацияларын (дене функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлау немесе шалғай елді мекендерде тұру қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылған) қабылдауға, сондай-ақ салық органдарының мемлекеттік қызметтерін көрсетуін қамтамасыз етуге құқық берілді.