«Тауарлармен сыртқы электрондық сауданы жаңа кедендік әкімшілендіру» туралы Баспасөз хабарламасы

«Тауарлармен сыртқы электрондық сауданы жаңа кедендік  әкімшілендіру» туралы  Баспасөз хабарламасы

2021 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан – Комиссия) алаңында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Комиссия) құқығына трансшекаралық электрондық сауда мәселелерін кешенді реттеуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізді.

Осы жұмыстың қорытындысы бойынша 2023 жылғы 25 желтоқсанда мүше мемлекетттердің басшылары ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға (бұдан әрі – ЕАЭО КК Хаттамасы) қол қойды, ол мыналарды көздейді:

сыртқы электрондық сауда шеңберінде сатып алынған тауарларды реттеу ерекшеліктерін айқындай отырып, жеке санатқа бөлу;

электрондық сауда операторы институтын (бұдан әрі – Оператор) енгізу;

кедендік декларацияның жаңа түрін - электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны қолдану;

комиссия бірыңғай ставканың мөлшерін белгілейтін электрондық сауда тауарларына қатысты жаңа кедендік баж енгізу;

кеден қоймасының кедендік рәсімін пайдалана отырып, Оператордың қоймасынан жеке тұлғаларға тауарларды өткізу.

Қазіргі уақытта Хаттама ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ратификациялау сатысында тұр (Қазақстан Республикасында ҚР ҰЭМ жауапты мемлекеттік орган болып табылады).

Жаңа кедендік реттеу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кедендік аумағында орналасқан (тұратын) жеке тұлғалар интернет желісін пайдалана отырып, шетелдік интернет-алаңдарда (дүкендерде) сатып алатын тауарларға қатысты енгізіледі, яғни, сатушы заңды тұлға, ал сатып алушы жеке тұлға (В2С) болып табылатын интернет-сатып алуға қатысты жаңа реттеу қолданылатын болады.

ЕАЭО КК түзетулері электрондық сауда тауарларын сатып алушы - жеке тұлғаға жеткізудің екі әдісін көздейді:

  • жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары («тікелей жеткізу» деп аталатын-сатып алудың бұрыннан бар тәсілі);
  • жеке тұлғаларға сатуға арналған электрондық сауда тауарлары (тауарды шетелдік интернет-алаңда сатып алу, ал оны ҚР аумағындағы оператордың қоймасынан алу, яғни «бонд қоймасы» қағидатын қолдану).

Тиісінше, сатып алудың логистикалық схемаларының деректерін кедендік басқару да ерекшеленеді.

Жеке тұлғаларға сатуға арналған электрондық сауда тауарлары үшін кеден қоймасының кедендік рәсімін қолдану көзделген.

Бұл схема электрондық сауда Операторы кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастыратын және шетелдік тауарлардың мәртебесін сақтай отырып, қоймада 3 жыл бойы сақталатын шетелдік тауарлардың коммерциялық партиясын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелуді көздейді.

Ал Қазақстан Республикасының азаматы тауарды интернет желісінен сатып алғанда, оған Оператордың қоймасынан тауарды жедел жеткізу опциясы ұсынылады. Бұл ретте тауарды оператор ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелерін қолдана отырып және салықтарды төлей отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырады.

Қазіргі уақытта Хаттамада көзделген Комиссияның өкілеттіктерін іске асыру мақсатында Хаттамамен бірге күшіне енуі тиіс актілерді дайындау бойынша жұмыс жүзеге асырылады:

  • электрондық сауда тауарларына арналған декларация нысанын әзірлеу;
  • кедендік баждың бірыңғай мөлшерлемесінің шамасын қарау;
  • электрондық сауда операторының міндеттерін орындауды қамтамасыз ету сомасының мөлшерін қарау;
  • электрондық сауда тауарларын қайтару тәртібі, декларация құрылымы және т. б. бойынша Комиссия шешімдерінің жобалары.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті түзетулер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.