
«Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты салықтық тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушiлер санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы.
Бұйрықтың жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 157-бабына сәйкес, сондай-ақ қалыптасқан оң тәжірибе және Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2024 жылғы 13 наурыздағы №03413/14 ұсынысы ескеріле отырып әзірленді.
Бұйрықтын жобасы 2024 жылғы 19 маусымда (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15093943) ашық нормативтік құқықтық актілердің ғаламтор-порталында орналастырылған.
Бұйрықтың жобасын көпшілік талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы
3 шілдеге дейін.