2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім нормаларын қолдану тәртібі бойынша Баспасөз хабарламасы (әр түрлі мақсатты топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарының жобалық картасының 29-тармағы)

2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім нормаларын қолдану тәртібі бойынша Баспасөз хабарламасы (әр түрлі мақсатты топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарының жобалық картасының 29-тармағы)

2024 жылғы 23 мамырда Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы Келісімді (бұдан әрі – Келісім, ЕАЭО) қолдану мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және аумақтық органдармен онлайн – конференция өткізді.

Өткізілген кездесудің мақсаты – навигациялық пломбаларды іс жүзінде қолдану кезінде тауарды көлік құралымен тасымалдау басталғаннан бастап оның аяқталуына дейін және тауарларды межелі жерге жеткізгенге дейін бүкіл процестің қолданылу тәртібін реттейтін қабылданған нормативтік актілерді түсіндіру.

Конференция барысында кәсіпкерлер мен басқа да қатысушы тұлғалар құжатта белгіленген тұжырымдамаға сәйкес ақпараттандырылды, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тауарларды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қазіргі заманғы техникалық және технологиялық шешімдерді қолдану кедендік және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлерінің қолданылатын шараларын қысқартады, тауарлардың жеткізілмеу фактілерін жояды, көлік құралының жүру жолындағы түрлі форс-мажорлық жағдайларға уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.

Тасымалдарды қадағалауды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде айқындалған ұлттық операторлар жүзеге асыратын болады.

Қазақстан Республикасында мемлекет осындай ұлттық қадағалау операторы ретінде «Ғарыштық техника және технологиялар институты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін анықтады (акцияларының 100% ҚР ЦДИАӨМ тиесілі).

Ұлттық оператордың өкілі Д. Калтиева кәсіпкерлерге Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы арасында сынақ режимінде навигациялық пломбаларды ілу бойынша эксперимент жүргізілгені туралы айтып, тасымалдаушыларды жүргізіліп жатқан тәжірибеге белсенді қатысуға шақырды.

Эксперимент өтеусіз негізде жүргізіледі. Практикалық нәтижелер ЕАЭО аумағы бойынша навигациялық пломбаларды енгізу кезінде ескерілетін болады.

Кездесу барысында кәсіпкерлер автомобиль және теміржол көлігіндегі тауарларды бақылауға қатысты сұрақтар қойды, оларға мемлекеттік орган мен ұлттық оператордың өкілдері толық жауаптар берді.

Жалпы, конференция бизнес-қоғамдастықтың белсенді қатысуымен, өзара түсіністік атмосферасында өтті.

Сілтемелер: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/775557?lang=kk https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/775557?lang=ru https://www.youtube.com/watch?v=HZRC8_AP_zQ.