
2024 жылғы 12 - 14 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі –ОӘО), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен және Қазақстан Республикасы Көлік Министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетімен бірлесіп, ОӘО ғимаратында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін, ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру» - (көліктік бақылау, санитарлық-карантиндік бақылау) тақырыбында Polycom бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Аталған семинардың мақсаты - ЕАЭО сыртқы шекарасында мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру мәселелері бойынша кеден бекеттері қызметкерлерінің құзыретін арттыру болып табылады.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде;
- Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ахуалдық орталығының бас сарапшысы Боранбай Әділ Саятұлы;
- Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасының бас сарапшысы Купбаев Асылан Мажитович;
- Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мемлекеттік шекарадағы санитариялық қорғау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Адильханова Динара Амантайқызы қатысты.
Семинардың қорытындысы бойынша 75 қатысушы біліктілігін арттырды.