
2024 жылғы наурыз және сәуір аралығында бақылауөткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақытын анықтау бойынша ісшара өткізілді.
Зерттеу Дүниежүзілік сауда ұйымының «Сауданы жеңілдету туралы» келісімінің 7-бабының 6.1-тармағында қарастырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бірлескен бұйрығымен, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеттері мен агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясының бұйрығымен қарастырылған.
Автокөлік өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақыты көлік құралдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінен шекаралық және кедендік бақылау аймағына кірген кезден бастап, деректер негізінде тауарларды тиісті кедендік рәсімде шығарғанға дейін уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сүйеніп есептеледі.
Зерттеу нәтижелері бойынша өткізу пункттерінде жүктерді шығарудың орташа уақыты: «Алакөл» – 1 сағат 36 минут, «Бақты» – 4 сағат 36 минут, «Қалжат» – 44 минут, «Майқапшағай» – 3 сағат 30 минут, «Тәжен» және «Темір баба» сәйкесінше 1 сағат 20 минут және 1 сағат 40 минут.
«Нұр жолы» өткізу пунктінде бір кедендік декларацияны берудің орташа уақытын есептегенде ол орташа есеппен 2 сағат 35 минутты және «Б.Қонысбаев» пунктінде 1 сағат 35 минутты құрады.
Бұл ретте тауарларды шығарудың орташа уақытына мемлекеттік бақылаудан (шекаралық, кедендік, көліктік, ветеринариялық, фитосанитарлық, санитарлық-карантиндік, ауылшаруашылық бақылау) және кедендік декларациялаудан өтуге кеткен уақыт кіреді.