
2024 жылғы 8 маусымда Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуын мерекелеу аясында МКК қызмеркерлерінің балаларына арналған «Балаларды қорғау күні» мерекелік іс-шарасы өткізілді.
МКК Төрағасы Дүйсембиев Жандос және ҚР Мәжілісінің депутаты, қазақстанның белгілі спортшысы Назаров Ардақ балаларды жылы лебізімен құттықтады. Іс-шараға 2 жас пен 15 жас аралығында 100-ден астам бала қатысты. Аниматорлар интерактивті ойындар ұйымдастырды, шеберліктерін көрсетті, тосынсыйлар жасады, балмұздар пен тәтті мақта кәмпиттер түрінде сыйлық сыйлады. Үлкен балаларды МКК жұмысымен таныстыру үшін Оқу-әдістеме орталығының ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Назаров Ардақ балаларға әлем біріншіліктерінде «алтынға» жету жолының қиындығы туралы әңгімелеп берді және қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша ҚР ҚМ МКК Төрағасы Дүйсембиев Жандос балалар суреті байқауының жеңімпаздарын марапаттады:
I орын - Альнаира Орынтай ( «Кеден балалар көзімен» номинациясы, 10 жас);
II орын - Бекзада Бақыт, ( «Біз жемқорлыққа қарсымыз» номинациясы, 13 жас);
III орын - Райяна Марденова, («Салық балалар көзімен» номинациясы, 9 жас).