ҚҚС асып кетуін қайтару және ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары

ҚҚС асып кетуін қайтару және ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары

       2024 жылғы 5 – 7 маусым аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Салықтық әкімшілендіру департаментінің Қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ арқылы «ҚҚС асып кетуін қайтару және ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары» тақырыбында қашықтықтан семинар  өткізді.

      Іс-шараның мақсаты – салық кодексіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ҚҚС асып кетуін қайтару және ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары бөлігінде салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы түсіндіру.

      Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

     Ағымдағы жылдың 6 маусымында сағат 10.00 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ арқылы дәріс оқылды.

     Іс-шарада ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы  Бауржан Тажиевич Акимов модератор жұмысын атқарды.

      Дәріскерлер ретінде – ҚР ҚМ МКК Салықтық әкімшілендіру департаменті Қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары – Айгуль Ермековна Сабралина және ҚР ҚМ МКК Салықтық әкімшілендіру департаменті Қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Мархат  Омарулы Темиржанов қатысты.

      Қатысушылар  ҚҚС асып кетуін қайтару және ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану бөлігіндегі салық заңнамасындағы негізгі өзгерістермен танысты, сондай-ақ дәріскерлер мен тыңдаушылар арасында сұрақтар мен жауаптар диалогі өтті.

     Семинардың қорытындысы бойынша  120 қатысушы біліктілігін арттырды.