
2024 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу – әдістемелік орталығы (ҚР ҚМ МКК ОӘО) мен Өзбекстан Республикасы Қаржы және экономика министрлігінің Кеден комитетінің Кеден институты (ӨР ЭҚМ КК КИ) арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде халықаралық онлайн-семинар өткізілді.
Бұл семинардың мақсаты – екі елдің мүдделерін қорғауда шешуші рөл атқаратын кедендік заңнаманың сақталуын және шекаралық бақылауды қамтамасыз ету үшін кедендік бақылауды жүзеге асыру.
Қазақстан тарапынан келесі дәріскерлер қатысты:
– Касымкулова Лаззат Турдакыновна - ҚР ҚМ МКК ОӘО басшысының орынбасары
Өзбекстан Республикасының Кеден институты тарапынан біліктілікті арттыру факультетінің аға оқытушысы Ибрагимов Улугбек өз тәжірибесімен бөлісті.
ҚР ҚМ МКК ОӘО қызметкерлері және ӨР ЭҚМ КК КИ курсанттары тыңдаушы ретінде қатысты.
Семинар барысында екі елдің дәріскерлері шекара қауіпсіздігіне қауіп-қатер саласындағы білімдерімен бөлісті, сондай-ақ сканерлеу жабдығымен жұмыс істеу және рентгендік суреттерді егжей-тегжейлі талдау арқылы рентгендік құрылғылардың кескінін талдау бойынша тәжірибе алмасты. Семинар қатысушыларға ақпаратты тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін пікірталастармен қатар жүрді.
Бұл іс-шара қатысушыларға тәжірибе алмасуға және сканерлеу жабдығымен жұмыс жасау саласындағы озық тәжірибелермен танысуға мүмкіндік берді.